Жарияланды: 380

Әкімге былапыт сөз айтқаны үшін ауыл тұрғындарының біріне айыппұл салынды - Павлодар облысы

Павлодар облысындағы Ақтоғай аудандық сотының қаулысымен ауылдық округтің әкіміне мас күйінде былапыт сөз айтқан азаматқа сегіз мың теңгеден астам айыппұл салынды,

деп хабарлады оның баспасөз қызметінен. Оған адамның ар-намысына тіл тигізгені - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 330 бабының 1 бөлімімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін бес АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ауыл тұрғыны өз кінәсін мойындап, өкінішін білдірді. Сот қаулысы заңдық күшіне енді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін