«Әкімшілік реформалар аясында министрліктерге жоспарлау , қаржыландыру, өз қызметтеріне қатысты, кадрмен қамтамасыз ету, және өз қызметкерлерін ынталандыру жүйесін жасау мәселелерінде жеке шешім қабылдауға мол мүмкіндік беріледі»,-деді К.Мәсімов.
«Қайсібір министрліктің құзырындағы шешім қабылдау міндеті сол министрлікке жүктеледі»,-деді үкімет басшысы.
«Менің пікірімше, министрдің құзырындағы мәселелерді шешу жолы, сол министрдің өзіне айқынырақ, сондықтан да ол үкіметтің орталық аппаратының қатысуынсыз да жеке шешім қабылдауға құқылы»,-деп атап өтті К.Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті