Әкімшілік реформалардың басты міндеттерінің бірі мемлекеттік жоспарлауды жетілдіруге саяды - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімшілік реформалардың басты міндеттерінің бірі мемлекеттік жоспарлауды жетілдіруге саяды  - үкімет басшысы

Әкімшілік реформалардың басты міндеттерінің бірі мемлекеттік жоспарлауды жетілдіруге саяды - үкімет басшысы

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Әкімшілік реформалардың басты міндеттерінің бірі - мемлекетті кжоспарлауды жетілдіру болып табылады. Бұл туралы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасы туралы баяндама жасаған үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2007
  • 1093
Фото - Caravan.kz

«Барлық мемлекеттік басқару жүйесі ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарды шешуге, қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен оларға қатысты есептілік принциптерін енгізуге бағытталады»,- деді К.Мәсімов.

Оның айтуынша, «әрбір министрлік, әрбір агенттік пен әрбір әкімшілік үшін нақты көрсеткіштермен айшықталған стратегиялық мақсаттар айқындалады». «Мұндай көзқарас мемлекеттік мекемелердің жұмыс нәтижесі мен оның сапасын шынайы бағалауға мүмкіндік береді»,- деп санайды үкімет басшысы.

К.Мәсімов осы орайда президент жаңа үкіметті таныстырған парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысының мемлекеттік жоспарлауды жетілдіру міндеттерін айқындап бергенін еске салды. «Онда басты әңгіме үкіметтік деңгейде қабылданатын бағдарламалардың санын азайту туралы ғана емес, сонымен бірге жалпы жоспарлау мен басқаруға қатысты ұстаным-көзқарастарды өзгерту жайына арналды»,- деді үкімет басшысы. «Мемлекеттік басқару ең бастысы, еліміздің азаматтары үшін түсінікті, нақты әрі қол жеткізуге болатын мақсаттарды алға қоя білгенде ғана тиімді болмақ»,- деді К.Мәсімов. «Сол себепті үкімет жүргізіп отырған әкімшілік реформалардың басты бір міндеті — мемлекеттік жоспарлауды жетілдіруге саяды»,- деді үкімет басшысы.

Сонымен бірге, премьер-министрдің айтуынша, мемлекет басшысы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыруға тапсырма берді. Соған байланысты үкімет мемлекеттік қызметтердің реестрлері мен стандарттарын бекітпекші. «Аудиттер мен әлеуметтік сауалнамаларды тұрықты жүргізіп отыру арқылы біз олардың сапсын бақылайтын боламыз»,- деді К.Мәсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті