Әкімшілік реформалардың тұжырымдамасы мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігін арттыруды көздейді - К.Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімшілік реформалардың  тұжырымдамасы мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігін арттыруды көздейді - К.Мәсімов

Әкімшілік реформалардың тұжырымдамасы мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігін арттыруды көздейді - К.Мәсімов

АСТАНА. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Әкімшілік реформалардың тұжырымдамасы мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бұл жөнінде премьер министр К.Мәсімов қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan today агенттігінің тілішісі.

  • 22 Қаңтар 2007
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Ең бастысы, жеке мәселелер бойынша нақты шешім қабылдау министрлікке жүктелуі керек», деді К.Мәсімов.

«Министр өзінің құзырындағы мәселелерге жеке жауап беретін адам. Бұл менің ұстанымым, мен осы бағытта жұмыс істеймін «,-деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша, үкімет «нақты мақсаттарды белгілеуі керек, халық нақты нәтижеге қол жеткізіп, тәжірибе жүзінде біздің қандай жетістіктерге жеткенімізді көруі тиіс».

Бұдан бұрын да хабарланғандай, президенттің нұсқауы бойынша премьер министрдің басшылығымен әкімшілік реформалар бойынша комиссия құрылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта