Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Бюджет кодексінің жаңа редакциясының жобасын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Бюджет кодексінің жаңа редакциясының жобасын талқылады

Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Бюджет кодексінің жаңа редакциясының жобасын талқылады

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Бюджет кодексінің жаңа редакциясының жобасын талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Тамыз 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия мүшелері Бюджет кодексінің жаңа редакциясының жобасын талқылады.

Оны іске асыру нақты стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіруді; мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге және нақты нәтижеге жетуді бағдарлауды; «бюджеттік қаражатты басқарудан» «нәтижелі басқаруға» сапалы көшуді және перспективалы (үшжылдық) бюджеттік жоспарлауды ендіруді қамтамасыз ететін болады.

Бюджет кодексі бюджеттік үдерістің нәтижеге бағдарланған жаңа бюджеттік жоспарлау жүйесіне бейімделуін қамтамасыз етеді.

Кәрім Мәсімов жалпы алғанда Бюджет кодексі жобасын мақұлдады және оны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі вице-премьер Ербол Орынбаевқа үш жылдық бюджетті жоспарлаудың кейбір рәсімдері бойынша отырыс барысында енгізілген ұсыныстарды талқылап және жобаны пысықтай түсуге тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар