Әкімшіліктер мәслихатқа өздеріне тиімді кандидаттарды өткізу үшін бар күш-қаржысын жұмылдыруда - Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі Қауымдастығы - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімшіліктер мәслихатқа өздеріне тиімді кандидаттарды өткізу үшін бар күш-қаржысын жұмылдыруда  - Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі Қауымдастығы

Әкімшіліктер мәслихатқа өздеріне тиімді кандидаттарды өткізу үшін бар күш-қаржысын жұмылдыруда - Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі Қауымдастығы

Жергілікті билік органдары мәслихатқа өздеріне тиімді кандидаттарды өткізу үшін бар күш-қаржысын жұмылдыруда . Бұл туралы бүгін, 13-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі" Қауымдастығының президенті Дос Көшім хабарлады.

  • 13 Тамыз 2003
  • 588
Фото - Caravan.kz

Мәселен, «Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі» Қауымдастығының ақпараты бойынша, Алматыдағы №5 сайлау округі бойынша сайлау додасына қатысушы барлық үміткерлер аудандық әкімшілікте өткен мәжілісте іріктеліпті.

Сөйтіп, әкімшілік сайлау комиссиясының функциясын атқарған.
Жамбыл облысындағы 115 сайлау учаскесінің 23-і ауруханалар, әскери бөлімдер, түрмелер мен басқа да режимдік нысандарда болғандықтан «жабық» деп санауға болады. Соның салдарынан бақылаушылар сайлау барысын қадағалау мүмкіндігінен айрылып отыр, немесе құқығы шектеулі. Маңғыстау облысында осындай «жабық» учаскеден бесеу табылды.
Алматы облыстық бақылаушылар сайлау комиссиясы төрағасының осы округ бойынша додаға қатысушы бір кандидатқа тәуелділік дерегін анықтады. Атап айтсақ, №26 округтік сайлау комиссиясының төрайымы Б.Рыспекова Алматы облыстық телекоммуникациялық дирекциясының директоры болып істейтін Ж.Мейірбеков есімді кандидаттың негізгі жұмыс орнында оған тәуелді қызметкер.
Сондай-ақ, сайлау комиссияларының жұмысқа әзірлік деңгейінің төмендігі жөнінде дерек әшкереленді. Бұл да «ҚР сайлау туралы» заңының талаптарын бұзу болып табылады. Мәселен, №5 округтік сайлау комиссиясы қолайсыз орында жұмыс істеп отырса, Шымкенттегі №5 және №20 сайлау комиссияларында телефон жоқ. Сонымен қатар Шымкенттегі сайлау комиссияларына қажетті қаржы бөлінбегендіктен, кандидаттар әрбір парақ бланктың өзін сатып алуға мәжбүр.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды тіркеу 10-тамызда аяқталды. Еліміз бойынша тұтастай алғанда 8184 кандидаттың аты ұсынылды. Ал 11-тамыз күнгі алдын-ала мәлімет бойынша 7552 кандидат тіркеліп, 487 кандидатура кері қайтарып алынған. Нәтижесінде 145 адамға тіркеуден бас тартылғандығы немесе тіркелгендігі жөнінде хабарландыру жіберілмеген, бұл да «ҚР сайлау туралы» заңының талаптарын бұзу болып табылады.
Сонымен бірге, «Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі» Қауымдастығы болашақ сайлау мен сайлау алдындағы үгіт-насихат науқандарын өткізу туралы нұсқаулар таратты. Атап айтсақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясына жергілікті жерлерде баспасөз мәслихаттарын жиі өткізіп тұру ұсынылды. Жуырда Алматыда өткен баспасөз мәслихаты тұрғындардың сайлауға деген үлкен қызығушылығын, оларды ақпаратпен кең көлемде қамтамасыз ету қажеттігін көрсетіп берді. Округтік сайлау комиссиялары кандидаттар тізімі мен тіркеуден өте алмаған адамдардың тізімін жариялауға тиіс.