Әкімсіз қалған Бурабайда апат болып курортты аймақ жылусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімсіз қалған Бурабайда  апат болып курортты аймақ жылусыз қалды

Әкімсіз қалған Бурабайда апат болып курортты аймақ жылусыз қалды

Бурабай кенті қыс басталмай жатып жылусыз қалды. 4 мың абонентті айтпағанда, 24 әлеуметтік нысанды жылытып отырған жалғыз бу қазандығында апат болды. Су айдайтын қондырғы күйіп, резервтегі қазандық та істен шыққан. Бүрсең қаққан тұрғындар бұған қыстың қамын жазда жасамаған шенеуніктерді кінәлап отыр.

  • 3 Қараша 2015
  • 334
Фото - Caravan.kz

Бурабайдың әсем табиғатын тамашалауға халық күннің суытқанына қарамай ағылуда. Бірақ кенттің тұрғындары өз үйінде жаурап отыр. Әсіресе, бұл қарттар мен мүгедектерге қиын болып тұр.

Үміт Қожахметова, Бурабай кентінің тұрғыны:

-Тоңамыз жатамыз. Тонымыздың  бәрін киіп ап, жатамыз.2 күн болды суық болғалы. Ешқайда шыға алмаймыз, үй де суық, су да суық.

Бүкіл кентке мына орталықтағы бу қазандығынан жылу таратылатын. Оның мұржасынан түтін шықпағалы 3-ші күн. Көпқабатты 31 үй мен 24 әлеуметтік нысан ғана емес, мұндағы жер үйлер де орталық жылу жүйесіне қосылған. Енді қазандықта аяқ астынан апат болып, барлығы бір сәтте жылусыз қалды. Мұндайды күтпеген жауапты қызметкерлер қосалқы бөлшек таппай сандалып жүр.

Рахымжан Жұмалиев, «Бурабай тазалық» коммуналдық кәсіпорынының директоры:

-Мынау  насостардың  90 киловатт муфтасы бұзылды.Дереу  Петропавлға барып, Петропавлдан әкеп соны қойып жатырмыз.  

Резервтегі пеш кез-келген апатты жағдайда қосылуға тиіс. Бірақ ол да дайын болмаған. Қазір жанталасып оны да жөндеуге кірісіпті. Алайда қосалқы бөлшек резервтегі қазандыққа да табыла қоймаған.


Сәрсенбай Жүнісов, Бурабай кентінің тұрғыны:

-Жергілікті жердің әкімі бар емес пе?Соның бақылауында болуы керек қой.  Қарап, қадағаласа бәрін дұрыстап істеп. Жаз бойы не істеді? Халық ақшасын уақытылы төлеп отырмыз.Салқын ғой,бүгін қаншама қар жауды.

Қазір Бурабайда әкім жоқ. Бу қазандығын қадағаламады деген кент басшысы жақында қызметі жоғарылап, аудан әкіміне орынбасар болыпты. Ал жылу қазандығы бүгін әрең іске қосылды. Бірақ салқындап қалған үйлерге жылу әлі жеткен жоқ.

Соңғы жаңалықтар