Ақмола облысында 300-ге жуық мұғалім жалақысын уақтылы ала алмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 502.27
  • 597.15
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 300-ге жуық мұғалім жалақысын уақтылы ала алмаған

Ақмола облысында 300-ге жуық мұғалім жалақысын уақтылы ала алмаған

9 мектепте 298 мұғалімге уақтылы жалақы берілмеген

  • 13 Мамыр 2025
  • 14
Фото: caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында мұғалімдер 80 млн теңге жалақысын уақтылы ала алмаған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

9 мектепте 298 мұғалімге уақтылы жалақы берілмеген. Берешек сомасы – 80 млн теңге. Бұл мәселені Ерейментау ауданының прокуратурасы анықтады.

«Қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтелді, осылайша 298 мұғалімнің конституциялық құқықтары қорғалды», — деп жазды ведомство.

Бұл бағыттағы жұмыстары әлі де жалғасады, дейді прокуратура.