Ақордада кадрлық ауыс-түйіс: Тоқаев кеңесшілерін ауыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақордада кадрлық ауыс-түйіс: Тоқаев кеңесшілерін ауыстырды

Ақордада кадрлық ауыс-түйіс: Тоқаев кеңесшілерін ауыстырды

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

  • 13 Ақпан
  • 20
Фото: kazpravda.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Болат Ақшолақов Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист.

2023 жылдан бастап Қазақстан президентінің Кеңесшісі лауазымында болған. Бұрын «Самұрық-Қазына» төрағасы, «ҚТЖ» төрағасы, энергетика министрі болған.

Болат Оралұлының орнына Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Тұран университетін экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар экономисті мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында президенттің кеңесші қызметін атқарды. Бұдан бөлек, ол еліміздің Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.






Перейти к новостям спорта