Ақпаннан бастап ел өңірлерінде газ бағасы көтерілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 530.12
  • 546.08
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпаннан бастап ел өңірлерінде газ бағасы көтерілуі мүмкін

Ақпаннан бастап ел өңірлерінде газ бағасы көтерілуі мүмкін

Жанармайды өздеріне таситын көрші ел кәсіпкерлері ішкі тұрақтылыққа үлкен зиян әкелді.

  • 20 Қаңтар
  • 6
Фото: rbc.ru

Энергетика министрлігі Алматы мен Астана қалаларындағы газ бағасын 20%, Маңғыстаудағы газ бағасын 10% өсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Energy Monitor-дың хабарлауынша, аталмыш бұйрықтың жобасы қазір НҚА порталында ашық талқылауда жатыр. Әзірге ешкім пікір жазып, талқылап, қарсылық білдіріп үлгермепті.

Сондай-ақ, Energy Monitor энергетика министрлігінің мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартып отырғанын жазған. Бұл енді тікелей бензин және дизель бағасына қатысты саясат.

«Екі жылдан бері баға өзгеріссіз, үйткені, мемлекет тарапынан реттеліп келе жатыр. Алайда, бұның қызығын көрші мемлекеттер көріп отыр», — деп пікір білдіріпті Energy Monitor.

Халық ең көп тұтынатын АИ 92 бензині көршілерімізбен салыстырғанда 40% дан 138% дейінгі аралықта. Дизельдік отын 20% бен 79% аралығында арзан.

Бұның игілігін Қазақстан арқылы өткен жүк көліктері көбірек сезінеді. Сондай-ақ, шекаралық аумақтарда шет елге күніне тонналап бензин шығарып отырған азаматтарға да майшелпек болып отыр.

Ұдайы бұлай жалғаса бермейтіні анық еді: шетке тасылып жатқан арзан жанар-жағар майдың кесірінен тұтас елде баға көтерілмек.

«Үкімет бағаны мәңгі арзан қып ұстай алмайтыны анық еді. Өйте берсе сала тоқырап, өздігінен дамуды қойып, тек қазынаға алақан жая беретіні сөзсіз. Арзан жанармайды шетелге шығаруды кәсіп қылған сұр нарық ақыры жеңді деген сөз. Дефициттің орнын үнемі мемлекет есебінен жауып отыру да мүмкін емес қой, расында. Үкімет жыртықты жамап отырудан жалықты және жағдайды бұлай соза беруге де болмайтынын түсінді. Ақыры, шешім қабылдаған сыңайлы — ендігі жерде бағаны нарықтың өзі реттейді», — деп пікір білдірді журналист Алмас Алтай.

Айта кетейік жанармай бағасы өседі деген болжамды қаржы сарапшысы да айтқан.

Бүгінде энергетика министрінің жанар-жағармай материалдарына (ЖЖМ) сараланған бағаларды белгілейтін 2024 жылғы 4 мамырдағы № 25 бұйрығы қолданылады:

— АИ-92 және Аи-93 бензині — литріне 245 теңге, ал Қазақстан Республикасында берілген құжаттар болған жағдайда литріне 205 теңге;

— дизель отыны — литріне 315 теңге, құжаттарды ұсынған кезде литріне 295 теңге.