Балалар спорттық акробатика бойынша Ханты-Мансийскіде өткен сайыстан қайтып келе жатқан.
Полиция апаттың нәтижесінде 10 адамның қайтыс болғанын хабар етті. Олардың – тоғызы балалар және біреуі үлкен адам.
«Интерфакстің» ақпараттарына сүйенсек, 21 адам ауыр жарақат алып, интенсивті терапия бөліміне жатқызылған. Жарақат алғандардың басым бөлігі – балалар.
Ханты-Мансийск – Түмен арасындағы тас-жолының 926-шы шақырымында автобус пен жүк көлігі соғысқан. «Тайғақ жолда жүргізушілер рөлге ие бола алмай, жүк көлігі автобустың орта бөлігіне соғып, оны екіге бөліп жіберген», — дейді жедел қызмет өкілі.