Тікұшақ Лейквилл қаласындағы Эйрлейк әуежайының маңында, елдімекеннен тыс аумаққа құлаған. Жерде зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Алайда әуе көлігінде болған адамдар қаза тапты, олардың нақты саны әзірге белгісіз.
Robinson R66 – бір қозғалтқышты, бес орындық, әйнек кабинасы бар тікұшақ. Құлағаннан кейін әуе көлігі өртеніп кеткен.
Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталуда.