АҚШ-та жүрген мыңдаған украиналық құқықтық мәртебесінен айырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та жүрген мыңдаған украиналық құқықтық мәртебесінен айырылуы мүмкін

АҚШ-та жүрген мыңдаған украиналық құқықтық мәртебесінен айырылуы мүмкін

 200 мыңға жуық украиналық АҚШ-тағы құқықтық мәртебесін жоғалтуы мүмкін. Бұған құқықтық мәртебені ұзарту туралы өтініштердің қаралуының кешігуі себеп болып отыр

  • 24 Қараша
  • 5
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылдың сәуірінен бастап экс-президент Джо Байден әкімшілігінің бағдарламасымен АҚШ-қа 260 мыңға жуық украиналық келген. Алайда Дональд Трамп билікке келгелі шетелдіктер құқықтық мәртебесін ұзарту туралы өтініштерді қарау кезінде кедергіге тап болған. Мамыр айынан бастап Америка билігі Украина мен басқа елдерден келген азаматтардың небәрі 1,9 мың өтінішін қараған.

«Бұрынғы президент Джо Байден іске қосқан украиналықтарға арналған гуманитарлық бағдарлама бойынша өтінімдерді Трамп әкімшілігінің қарауды кешіктіруі 31 наурыздағы жағдай бойынша 200 мыңға жуық адамның құқықтық мәртебесін жоғалту қаупін тудырды», — делінген материалда.

Билікке келгеннен кейін Трамп заңсыз мигранттардың Америка аумағына кіруін дереу тоқтатып, миллиондаған адамды экстрадициялау процесін бастауға уәде берген еді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ақ үй әкімшілігі наурыз айында 240 мың украиналықты уақытша құқықтық мәртебеден айыру жоспарын жариялаған. Ал тамыз айында WSJ газеті осындай жағдайға тап болған 120 мың азаматты депортациялау қаупі туралы хабарлады.

Өткен аптада WP Украинаның АҚШ-тағы елшісі Ольга Стефанишинаға сілтеме жасай отырып, Вашингтон украиналықтарды депортациялауға дайындалып жатқанын айтты.

Перейти к новостям спорта