Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Картер 1977 жылдан 1981 жылға дейін президент қызметін атқарған.
Оның президенттік кезеңінде АҚШ пен КСРО қырғи-қабақ соғыс жүргізіп жатқан еді: бастапқыда Картер мен Брежнев ең маңызды құжаттардың біріне — ядролық қару жарысын тежейтін стратегиялық қаруды шектеу туралы келісімге қол қойды.
Бірақ оны АҚШ Конгресі КСРО Ауғанстанға әскер жіберді деген сылтаумен ратификациялаған жоқ.
Содан кейін Картер әкімшілігі 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиадаға бойкот жариялады.
Сол жылы Джимми Картер президенттік жарыста Рональд Рейганнан жеңіліп қалды.