Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Елдегі заңсыз иммигранттар, оның ішінде 14 жастан асқан балалар тіркелу үшін саусақ іздері мен үй мекенжайларын ұсынуы керек.
Бұл талапты орындамаған мигранттар 5 мың долларға дейін айыппұл төлейді немесе алты айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тіркеу құрылғаннан кейін заңсыз иммигранттарға өздері туралы ақпарат беруге 30 күн беріледі. Бұрын АҚШ-та заңсыз болғаны үшін адамды тек қамауға алып, депортациялаған.
Трамп әкімшілігі бұған дейін Иммиграция және Кеден органдарына шекараны ата-анасының қамқорлығынсыз кесіп өткен мигрант балаларды іздеп, депортациялауды тапсырған.