Ақша айырбастау орындарында доллар 489 — 492 теңгеден саудаланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақша айырбастау орындарында доллар 489 — 492 теңгеден саудаланып жатыр

Ақша айырбастау орындарында доллар 489 — 492 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 489 - 492 теңге аралығында саудаланып жатыр.

  • 5 Қараша
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банктің 5 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 489,36 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,99 теңге. Еуро — 533,45.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 490,7 теңге. Еуро 531,5 — 536 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 489 теңге, сатып алу құны — 492 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 532 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 — 5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 4 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,88 теңгеге қымбаттап, 489,15 теңге болған.

Осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар курсына қатысты пікір білдірген еді. 

Сондай-ақ қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірген болатын.