Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 499 – 505 теңгеден саудаланып жатыр.

  • 27 Ақпан
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банктің 27 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,86 теңге. Еуро — 526,19.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 524— 528 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 523 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,68 — 5,86 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 26 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,28 теңгеге қымбаттап, 501,04 теңге болған.