Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 497 – 503 теңгеден саудаланып жатыр.

  • 28 Ақпан
  • 2
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банктің 28 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,77 теңге. Еуро – 525,71.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 499 теңге. Еуро 523 – 528 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 503 теңге, сатып алу құны – 497 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 521 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,60 — 5,74 аралығында саудаланып жатыр.