Қазіргі таңда бойжеткендердің кім екені анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қала тұрғындарының айтуынша, балалар дәмхана келушілеріне жақындап, ақша талап еткен, ал бас тартқандарға сес көрсетіп, тас пен орындық лақтырған.
Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, балалардың агрессивті әрі өрескел мінез-құлқы түсірілген видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін Медеу мен Алмалы аудандық полиция басқармалары тексеру жұмыстарын бастаған.
Олардың Тәжікстан Республикасының азаматтары екені анықталды. Барлығы полиция бөлімшелеріне жеткізіліп, кейін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды
«Кәмелетке толмағандар анықталып, аумақтық полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Жасөспірімдердің Тәжікстан азаматтары екені белгілі болды. Барлығы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция.
Жасөспірімдердің заңды өкілдері бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Бұл адамдарға қатысты Қазақстанның көші-қон заңнамасы аясында оларды ел аумағынан шығаруды қарастыратын шаралар қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта әрбір дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», — деді ПД өкілдері.