”Ақшасы төленбеген әнді орындау ұят емес пе”: Баян Алагөзова композитор Қуат Әбіловке қолдау көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 481.54
  • 553.24
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ақшасы төленбеген әнді орындау ұят емес пе”: Баян Алагөзова композитор Қуат Әбіловке қолдау көрсетті

”Ақшасы төленбеген әнді орындау ұят емес пе”: Баян Алагөзова композитор Қуат Әбіловке қолдау көрсетті

Кеше ғана композитор Қуат Әбілов әнші Bayansulu-ға жазған 5 әні үшін ақысын алмағанын айтқан еді.

  • 31 Наурыз
  • 15
Azattyq ruhy, видеодан скрин. Коллаж - Caravan.kz

Осыған байланысты продюсер Баян Алагөзова өз пікірін білдірді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ақшасы төленбеген әнді орындау ұят емес пе? Бүлінген имидж = таза ар-ұят емес. Қуаттың жалғыз қалауы ол еңбегінің төленуі. Ақшасын төлеңдер, сонымен дау тоқтайды. Қуат талантты композитор, біздің “BM production” студиясында жұмыс жасайды. Әділеттілік орнауы үшін барымызды саламыз! Не болса да Қуат жалғыз емес, оның артында “BM production” студиясы тұр”, — деп жазды продюсер.

Стористен скрин

Естеріңізге салсақ, әнші Bayansulu бұл дауға байланысты пікір білдіріп, композиторге “15 миллион теңге ұсынғанын” айтқан.