Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтағы қара жәшік Бразилияда ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтағы қара жәшік Бразилияда ашылады

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтағы қара жәшік Бразилияда ашылады

Ұшақ апатына байланысты Ақтауға 17 халықаралық сарапшы жиналды.

  • 30 Желтоқсан 2024
  • 3
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Әзірбайжанның ұшақ апатының мән-жайын ашық тергеу туралы талабын қолдады, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Қара жәшік дегеніміз не? Саясаттанушы Асхат Қасенғали пікір қалдырды.

Жалпы авиацияда қара жәшікті өткен ғасырдың 40-шы жылдары қолдана бастапты. Алайда қазіргі сәттегі қара жәшікті Дэвид Уоррен деген азамат жасап шыққан екен. Ол 1953 жылы De Havilland Comet апатын зерттеуге қатысады. Сөйтіп, ұшақта не болғанын білу үшін ұшқыштардың әңгімесін жазып алатын сапалы құрылғының болуы маңызды екенін түсінеді. 1956 жылы қара жәшікті жасап, оны көпшілікке таныстырып, бірнеше мәрте жетілдіреді. Осылайша «қара жәшік» ұшақтарға жаппай орналастырыла бастайды.

Оның функциясы не? «Борттағы жазғыш» (қара жәшік) әртүрлі формада болады. Домалақ, төртбұрыш, шаршы…Бірақ функциясы бір — ұшудың негізгі параметрлерін, ұшақтың жұмыс істеуінің ішкі көрсеткіштерін, экипаждардың әңгімелерін және басқаны жазып отырады. Түрлі датчиктері көп құрылғы.

Қара жәшікті оқу оңай емес. Арнайы құрылғы, сертификат, мамандар қажет. Ақтау маңында құлаған қара жәшікті кім оқитыны анықталды. Бразилия елі болып шықты. Анығы Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылданыпты. Аталған орталықта, яғни CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар екен. Бұл орталық біраз қара жәшікті оқығаны айтылуда.

Бұл шешімді Қазақстан өздігінен қабылдамаған. Әзербайжан тарапымен және Ресеймен кеңесе отырып осындай шешімге келген. Қазақстан президенті ұшақ апатынан кейін Әзербайжан және Ресей басшыларымен сөйлескен, байланыста болған. Қара жәшікті жөнелтуге қатысты шешімді барлық тарап қолдаған. Сөйтіп, қара жәшік Бразилияға аттанады.

Жалпы апатты тергеп, тексеретін ел, ұшақтың қара жәшігін оқу немесе оқыту туралы шешімді де қарастырады екен. Бұл Чикаго конвенциясының 13-қосымшасында көрсетілген көрінеді. Ол конвенцияны біз 1992 жылы ратификациялаған екенбіз. Соның аясында іске асып жатқан әрекеттің бірі.

Енді қара жәшік қанша уақыт оқылады? Ол қара жәшіктегі ақпараттың анықтығына байланысты көрінеді. Кейде бірнеше күнде толық сараптама дайын болса, кейде апталап яки айлап созылып кетеді екен.

Бұл шешімге Azal ұшағының Бразилияда шығарылғаны да себеп болған. Баку ұшақты Грозныйға жақындаған сәтте Ресейдің жер-әуе зымыраны атып түсіргенін және жақын маңдағы екі ресейлік әуежайға шұғыл қонуға рұқсат бермеген соң Каспий теңізінің үстінен ұшуға бұйрық бергенін айтады.

«Қазақстан өз шешімін бірнеше сағат бұрын Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев лайнердің Ресейде жерден зақымдалғанын айтты. Содан кейін артқы бөлігі өрттен зақымданған», — деді ол.

Әлиев Ресейді бірнеше күн бұл мәселені жасыруға тырысты деп айыптады. Сондай-ақ Ильхам Әлиев Ресей тараптары орындауы тиіс талаптарын қойды.

«Біріншіден, Ресей Әзірайжаннан кешірім сұрауы керек. Екіншіден, олар өз кәнісін мойындауы тиіс. Үшіншіден, кәнәлілар жазаланып, жауапқа тартылуы керек. Зардап шеккен жолаушыларға, экипаж мүшелеріне өтемақы төленуі керек. Оның біріншісі күні кеше ғана орындалды. Басқа да шарттарымыз орындалады деп сенеміз», — деді Әзірбайжан президенті.