Ақтауда балабақша бухгалтері 9 млн теңге бюджет қаражатын өзіне аударып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 503.15
  • 543.3
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда балабақша бухгалтері 9 млн теңге бюджет қаражатын өзіне аударып алған

Ақтауда балабақша бухгалтері 9 млн теңге бюджет қаражатын өзіне аударып алған

Ақтаудағы балабақшалардың бірінде бухгалтер сотталды

  • 7 Ақпан
  • 6
ФОТО: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол 9 млн теңге жымқырған.

«№39 «Хиуаз бөбекжай» балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударған», — дейді ведомство.

Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-б. 1) тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сот үкімі шықты.

Бухгалтер 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.