Ақтауда дүйім жұрт концерттен кейін алаңды жинап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда дүйім жұрт концерттен кейін алаңды жинап кетті

Ақтауда дүйім жұрт концерттен кейін алаңды жинап кетті

"Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы" халықаралық шарасының ашылу салтанатынан кейін маңғыстаулық жүзден астам еріктілер мен коммуналдық қызметкерлері жағалаудағы алаңды жинап, қоқыстардан тазалап кетті

  • 6 Сәуiр
  • 7
ФОТО: Маңғыстау облысының әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматтық жауапкершіліктің нағыз үлгісін тұрғындар да көрсетті. Олар тек концерт тамашалап қана қоймай, таза қаланы сақтауға атсалысты. 

Бұндай бастамалар халық арасында кең таралып жатыр.

t.me/mangystau_press/16223

Айта кетейік, іс-шараның алғашқы күнінен бері еріктілер «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындарды қаланы ластамауға шақырып, теңіз жағалауын артық заттардан тазалап келеді.

«Қаламыз үшін маңызды іс-шарада алыс, жақыннан қонақтар келетіні белгілі. Адам көбейген жерде қоқыс саны артып, теңіз жағалауы лезде ластанып жатады. Қонақтарды күтіп алу, көмек көрсетуден бөлек, үздіксіз тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы арқылы коммуналдық қызмет мамандарына қол ұшымызды создық. Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға шақырамыз!», — деді ерікті Ислам Тілепов.