Ақтауда қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қаржылық сауаттылық арттыру туралы тегін семинар өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қаржылық сауаттылық арттыру туралы тегін семинар өтті

Ақтауда қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қаржылық сауаттылық арттыру туралы тегін семинар өтті

Шара «Халықтың қаржылық, құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру» жобасы аясында өткізілді. Шарада спикер, қаржылық кеңесші Әс

  • 20 Қараша 2024
  • 2
Фото - Caravan.kz

Шара «Халықтың қаржылық, құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру» жобасы аясында өткізілді.

Шарада спикер, қаржылық кеңесші Әсел Тулеуғалиева қаржылық сауаттылық бойынша бірнеше тақырыпты қозғады. Атап айтқанда, қаржы саласында 20 жылдық тәжірибесі бар маман қатысушыларға отбасылық бюджет, қаржылық жоспар және қор туралы айтып, бюджетті қалай қадағалау керектігін түсіндірді. Негізгі мақсат – халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру. Мемлекет тарапынан осындай жобаларға қолдау көрсетіліп отырғанына қуаныштымын. Қазіргі таңда адамдар несие төлеп білгенімен, қаражатты жинау мәдениетін білмейді. Осы семинарда мен қатысушыларға қаражатты жинау мәдениетін қалыптастыру және қарыздан қалай құтылу керегін айттым – деді қаржылық кеңесші Әсел Тулеугалиева.

Перейти к новостям спорта