Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Lada.kz-тің мәлімдеуінше, 9 мамырда түнде 5-шағынауданда орналасқан мейрамхана маңында жаппай төбелес болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
9 мамыр түнінде Ақтаудың 5-шағынауданында орналасқан Pinta мейрамханасының маңында жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Kozachkov Offside Telegram-арнасында жарияланды.
Куәгер түсірген кадрларда шамамен он шақты ер адамның жанжалдасып, ашық төбелеске барғаны көрінеді. Екі азамат жолдың үстінде төбелесіп жатса, өзгелері келіп, бірігіп соққы жасаған. Тағы бірнеше адам жұдырық жұмсап, бір-бірімен жанжалдасуда. Оқиға салдарынан көлік қозғалысы қиындап, жолда кептеліс пайда болған. Кейінірек оқиға орнына полиция қызметкерлері келгені байқалды.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше күдіктілпр ұсталған.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда», – деп хабарлады полицияда.