Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Бастапқыда дрон операторлары мерекелік тойға 50 мыңға жуық халық жиналған деп болжаса, кейінірек халықтың саны 100 мыңдай болғаны анық көрінді», — делінген хабарламада.
Мерекелік бағдарлама түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын танытқан хореографиялық және вокалдық ұжымдардың өнер көрсетуімен өрбіді. Сахна төрінде Қазақстан мен ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің жұлдыздары: Димаш Құдайберген, Kalifarniya (Қазақстан), Мейірбек Атабеков (Қырғызстан), Роза Зәргерлі (Әзербайжан), «Ялла» тобы (Өзбекстан) өнер көрсетті.