Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құстардың осы уақытта дәстүрлі мекені – Қаракөл көліне келуі ақтаулықтар үшін таңғаларлық жағдай емес. Бірақ құстардың түсі көпшілікті таңғалдырған. Неге қоқиқаздар сұр?
Қазақстандағы қоқиқаздардың қоныс аударуын көптен бақылап жүрген Азамат Сәрсенбаев бұл құбылысты түсіндірді.
«Сұр — бұл қоқиқаздың нағыз түсі, олар туғанда сұр болады және біртіндеп тамақтанудың арқасында (белгілі бір пигменттері бар балдырлар мен шаян тәрізділермен қоректенеді) есейген сайын қызғылт және қызыл түске боялады», — деп жазды ол.
Сәрсенбаев құстардың Маңғыстау облысына екі рет ұшып келетінін атап өтті: қыркүйектің ортасынан бастап қарашаның аяғына дейін, екінші рет наурыздың басында келіп, мамырдың ортасына дейін сонда болады.