Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қаражат 11 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды.
2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:
- Ырғыз ауданы, Нұра ауылы
- Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында салынады.
Сондай-ақ медициналық пункттер:
- Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы,
- Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,
- Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,
- Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,
- Қобда ауданы, Бегалы ауылы,
- Ырғыз ауданы, Жарма ауылында салынады.
Дәрігерлік амбулаториялар:
- Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,
- Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,
- Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.
Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

