Ақтөбе қаласы әкімдігі әрқайсысы 126 млн теңге тұратын техника сатып алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 518.57
  • 566.59
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қаласы әкімдігі әрқайсысы 126 млн теңге тұратын техника сатып алмақ

Ақтөбе қаласы әкімдігі әрқайсысы 126 млн теңге тұратын техника сатып алмақ

Ақтөбе қаласының әкімдігі көше сыпыратын, шаңын басу үшін су шашатын бірнеше техниканы лизингке сатып алады. Қазіргі кезде Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

  • 3 Сәуiр
  • 7
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік сатып алу порталында 17 дана ЭД500К көпфункциялы техникасын сатып алу конкурсы жарияланды. Лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13,5 пайыздан аспайды. Лизинг 60 айға есептелген. Әкімдік жылына бір рет 1 желтоқсанда төлем жасап отырады.

Техникалық негіздемеге сүйенсек, құсымша құн салығынсыз (ҚҚС) бір техника құны 126 430 000 теңге деп көрсетілген. 17 техника үшін 2 149 310 000 теңге қарастырылады. Сыйақысына 909 158 130 теңге қоса есептеліп, барлығы ҚҚС-сыз 3 058 468 130 теңгеден аспауы тиіс.

Сонымен бірге, МВ-11 автоцистернасының 5 данасына тапсырыс беріп отыр. КамАЗ 53605 шассиіндегі вакуумды автомобильдің (МВ-11) әр данасы 59 млн 600 мың теңге деп есептелген. Жалпы сомасы — 298 800 000 теңге. Лизингке алған кезде сыйақысы ҚҚС-сыз 126 054 000 теңге болады. Нәтижесінде әкімдік 424 054 000 теңге төлуге әзір.

Тағы бір конкурста ауыз су тасымалдайтын автоцистернаға тапсырыс берді. Техника құны 53 800 000 теңге болса, сыйақыға 22 757 400 теңге қарастырылып, автоцистерна ҚҚС-сыз 76 557 400 теңгеге есептелді.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі КамАЗ 53605 вакуумды сыпыру машинасын (шаңсорғыш) да сатып алады. Әрқайсысын 104 500 000 теңге деп есептеп, лизингке ҚҚС-сыз 522 500 000 теңге шығарып отыр.

Сонымен бірге порталда көше сыпыратын шағын ERDEMLI HIVAC 4020 техникасына конкурс жарияланып, 15 данасына тапсырыс берілгенімен, кейін құжатқа түзету енгізілді. Мұнда әр техника құны 76 млн теңгеден асады. Алайда 1,4 млрд теңгенің конкурсы өтпей қалды.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі болса, техникаға әзір ақша бөлінбегенін айтты.

Өткен жылы бюджет есебінен арнайы техникалар алынып, «АТК қызмет» ЖШС-ға берілді. Биыл техника алуға бюджеттен әзірге қаражат бөлінген жоқ. Қала жолдарын күтіп ұстаумен айналысатын мердігер ұйымдарға техника паркін көбейту талап етілуде,— деді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова.