Ақтөбе қаласындағы «Аяла» балаларды қорғау орталығының қызметкерлері жаңа кәсіби білім алды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қаласындағы «Аяла» балаларды қорғау орталығының қызметкерлері жаңа кәсіби білім алды

Ақтөбе қаласындағы «Аяла» балаларды қорғау орталығының қызметкерлері жаңа кәсіби білім алды

Ақтөбе қаласындағы «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қолдау орталығының қызметкерлері кәсіби білімін жетілдірді. Орталықт

  • 14 Наурыз
  • 1
ФОТО: fnn.kz

Ақтөбе қаласындағы «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қолдау орталығының қызметкерлері кәсіби білімін жетілдірді. Орталықта «El Umiti» Корпоративтік қоры «4К дағдысы бойынша балалардың қабілетін диагностикалау әдістері» атты семинар өткізді.

«Көбінесе балаларды қолдау орталықтарының педагогтары, тәрбиешілері мен психологтарына жаңа заманауи білім алуға арналған оқу сабақтары жетіспейді. Сондықтан біз осындай оқыту семинарларын ұйымдастыру бастамасын жүзеге асырып келеміз», – дейді «El Umiti» КҚ Басқарушы директоры Гүлім Жүсіпова.

Семинар барысында балалардың психологиялық дамуындағы мәселелерді талдау, сыни ойлау, креативтілік, коммуникация және т.б. дағдыны дамыту мәселесі қарастырылды. Семинар қызу пікірталас тудыруымен және кейстерді талдауымен ерекшеленді.