Ақтөбе облысы жалақының өсу қарқыны бойынша барлық өңірлерді басып озды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысы жалақының өсу қарқыны бойынша барлық өңірлерді басып озды

Ақтөбе облысы жалақының өсу қарқыны бойынша барлық өңірлерді басып озды

Мұндай деректерді ҚР СЖРА ҰСБ жариялады.

  • 11 Ақпан
  • 10
Фото: kp.kz

2024 жылы Қазақстандағы орташа жалақы 402,6 мың теңгені құрады. Өткен жылға қарағанда 11,6%-ға өскен. Ал нақты өсу қарқыны, яғни инфляцияны қоса есептегенде, әлдеқайда аз — 2,7%.

Нақты мәндегі орташа жалақының өсімі 20 өңірдің 18-інде байқалады. Бұл ретте ең жоғары өсімді Ақтөбе облысы көрсетіп отыр, көрсеткіш жылдан жылға 6,6%-ға артқан. Алайда абсолютті мәндегі көрсеткіш, салыстырмалы түрде, аса көп емес — 376,2 мың тг (республика бойынша орташа деңгейден 7%-ға төмен). Айтпақшы, Ақтөбе облысының көш бастауы күтпеген жағдай емес. Соңғы рет 2017 жылы көштің басында болған еді, сол кезде басқа өңірлердің көпшілігінде төмендеу байқалды.

Нақты мәндегі орташа жалақының өсу қарқыны бойынша екінші орынға Алматы орналасқан — 5,8%. Бұл ретте абсолюттік мән, керісінше, республикадағы орташа деңгейден көбірек — 487,9 мың тг. Үздік үштікті Алматы облысы түйіндейді — плюс 4,9%, 326,9 мың тг. Ал Астанада орташа жалақы, бағаның өсуін ескергенде, 4,5%-ға артып, 532,1 мың тг құрады.

Атап өтетін жайт, әдетте орташа жалақы деңгейі жоғары болған өңірлерде нақты төмендеу байқалады. Мәселен, Атырау облысында көрсеткіш 5%-ға (620,4 мың тг дейін) төмендесе, Маңғыстау облысында 0,7%-ға төмендеген (578 мың тг дейін). Алайда оперативтік мәліметтерді нақтылау кезінде (мұндай нәтижелер жыл ортасында жарияланады) Маңғыстау облысы бойынша тіркелген динамика өзгеруі мүмкін: нақтыланған деректер мен оперативті мәліметтер арасындағы айырмашылық әдетте 2 п.т. аспайды.

Жеке қарастырылған төртінші тоқсанға тоқталсақ, оның қорытындысы бойынша еліміздегі орташа жалақы 435 мың тг болды. Инфляцияны ескермегенде, ағымдағы көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ға жоғары, ал инфляцияны ескергенде — 1,8%-ға.

Соңғы көрсеткіш, қоса кетейік, соңғы жеті жылда қазан-желтоқсан айлары аралығында тіркелген ең төменгі деңгей болып отыр. Салыстыра кетейік: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,3%-ды құраған болатын.

Перейти к новостям спорта