Ақтөбе облысында 17 миллион ағаш отырғызылады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында 17 миллион ағаш отырғызылады

Ақтөбе облысында 17 миллион ағаш отырғызылады

Экологиялық игі іске Әйтеке би, Қобда, Мәртөк және Ойыл аудандарының оқушылары да қолдау білдірді

  • 22 Сәуiр
  • 6
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысында ерекше әрі экологиялық маңызы зор жаңа бастама – «Мектеп орманшылығы» жобасы жүзеге аса бастады, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа жоба облыс әкімі Асхат Шахаровтың бастамасымен қолға алынған. Мақсаты — ұрпақты табиғатты аялауға баулып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.

Айта кетейік, ел бойынша мұндай бастама алғаш рет Ақтөбе өңірінде қолға алынды.

«Мектеп орманшылығы» — «Таза Қазақстан» республикалық акциясының жалғасы. Шара аясында ағаштар отырғызылуда.

«Бұл – табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырудың маңызды қадамы. Әрбір отырғызылған ағаш — болашақтың тынысы, таза ауаның көзі. Сіздер өз қолдарыңызбен егілген көшетке қамқор бола отырып, жауапкершілік пен ұқыптылыққа үйренесіздер. Бұл – тек экология үшін ғана емес, тәрбиелік мәні зор іс», — деп атап өтті облыс әкімі жобаны жүзеге асыру кезінде.

Жобаның алғашқы қатысушылары арасында Х.Доспанова атындағы №14 орта мектеп, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы және Ақтөбе орта мектебінің оқушылары бар. Олар Елек орман шаруашылығына қарасты 0,5 гектар аумаққа қарағай көшеттерін отырғызды.

Экологиялық игі іске Әйтеке би, Қобда, Мәртөк және Ойыл аудандарының оқушылары да қолдау білдіріп, барлығы 500-ге жуық оқушы белсенділік танытты. Жалпы алғанда, 850 түп ағаш отырғызылып, орман алқаптары кеңейтіле түседі.

Бұл жоба аясында оқушылар ағаш отырғызу ғана емес, оны күтіп-баптаудың, орман шаруашылығының қыр-сырын меңгеріп, табиғатпен етене жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар орман алқаптарында жаратылыстану мен биология пәндері бойынша дала сабақтарын өткізу жоспарланып отыр.

Биылғы жылдың өзінде облыс көлемінде 17 миллионға жуық ағаш отырғызу көзделіп отыр.