Ақтөбе облысында медициналық қызметтер анықтамасы қымбат бағаға сатылып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында медициналық қызметтер анықтамасы қымбат бағаға сатылып келген

Ақтөбе облысында медициналық қызметтер анықтамасы қымбат бағаға сатылып келген

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.

  • 7 Сәуiр
  • 4
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ойыл ауданында ақылы медициналық қызметтердің құны негізсіз қымбаттатылғаны анықталды. №073/е (көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін) және №075/е анықтамалары (медициналық кәсіби-консультациялық қорытынды) 7 705 теңге, ал №076/е анықтамасы (қару ұстауға рұқсат алу үшін) 9 405 теңге болған.

-Қызмет бағасына хирург, невропатолог қарауы және Вассерман реакциясына қан талдауы сияқты қосымша медициналық қызметтердің негізсіз енгізілгені белгілі болды. Сонымен қатар, аурухананың қажетті диагностикалық жабдықпен толық қамтылмауынан науқастар облыстық медициналық мекемелерге жүгінуге мәжбүр, — делінген прокуратураның ақпаратында.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықтамалар құны №073/е – 6 000 теңгеге, №075/е – 5 000 теңгеге, №076/е – 9 000 теңгеге төмендетілді.

Нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жетіспейтін жабдықтарды сатып алу мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтінім жолданған.