Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.17
  • 599.54
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды

Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды.

  • 23 Қазан 2025
  • 5
ФОТО: primeminister.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Премьер-министр Комиссияға жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін Комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы бар.