Ақтөбеде аутизммен ауыратын балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде аутизммен ауыратын балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды

Ақтөбеде аутизммен ауыратын балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды

Ақтөбеде аутизммен және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды. Бұл аутизммен ауыратын балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға бір жерде барлық қажетті мамандар мен әдістемелерді шоғырландырып, кешенді көмек алуға бірегей мүмкіндік береді.  

  • 23 Қазан
  • 8
ФОТО: fnn.kz

Орталық 1,5-18 жас аралығындағы балаларды қабылдайды, дамыту сабақтары мен оңалтуды ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау дағдыларын да ұсынады. Мұнда оларға төсек жинау, дастархан жаю, киім үтіктеу, ыдыс жуу, сонымен қатар тамақ дайындау үйретіледі. Бұл балалардың жан-жақты дамуына және тәуелсіз болуына септігін тигізеді.  

Жасөспірімдер үшін ағаш ұстасы, қыш және тігін шеберханасында сабақтар қарастырылған, онда болашақта пайдасы тиетін қолөнерді игереді. Сондай-ақ, орталықта балалар роботтармен өзара әрекеттесу арқылы білім алатын робототерапия да пайдаланылады, бұл визуалды байланыс орнатуда қиындықтар тудыратын балаларға өте пайдалы.  

Бұған қоса, лего-терапия, робототехника, арт-терапия және музыкалық терапия сабақтары ұсынылады, бұл балалардың дамуына ғана емес, әлеуметтенуіне, қоғамға сіңісуіне, жақсы өмір сүруіне ықпал етеді. Орталық Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен құрылды: аутизмі бар балалардың қажеттілігін ескеріліп, ғимарат бірегей дизайн-тұжырымдамаға сәйкес жөндеу жүргізілді. Орталықтың жабдықтары әлемдік стандартқа сәйкес келеді.  

Жобаның серіктестері – «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қоры толықтай қаржыландырды. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры орталық қызметкерлерін көп деңгейлі әрі сапалы даярлауды қамтамасыз етіп, ABA-терапияның халықаралық стандартына сәйкес маман даярлауды мойнына алды. «Қамқорлық» корпоративтік қоры инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған «Қамқорлық» әлеуметтік жобаларының үйлестірушісі болып табылады.  

Айта кетейік, 2020-2024 жылдар аралығында 16 инклюзияны қолдау кабинеті, 17 оңалту орталығы, 17 ерте араласу орталығы және «Қамқорлық» аутизмі бар балаларға арналған 7 орталық ашылды. 2024-2025 жылдары қосымша 3 ерте араласу орталығы, 23 оңалту орталығы және аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған 4 орталық ашылады.