Ақтөбеде бірнеше жерден пышақталған 38 жасар әйел ауруханада көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде бірнеше жерден пышақталған 38 жасар әйел ауруханада көз жұмды

Ақтөбеде бірнеше жерден пышақталған 38 жасар әйел ауруханада көз жұмды

Ақтөбеде 19 ақпанда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген әйел көптеген пышақ жарақаттарынан көз жұмды.

  • 23 Ақпан
  • 6
pixabay.com

Ақтөбеде 19 ақпанда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген әйел көптеген пышақ жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-на сілтеме жасаған Caravan.kz. медиа порталы.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас жедел жәрдем қабылдау бөлімінен бірден ота жасатуға жіберілген. Дәрігерлер шұғыл операция жасағанымен, 20 ақпанда ауыр жарақаттар салдарынан келіншек жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды.