Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөзге сүйенсек, әйел қазір есін біледі, өздігінен демалып жатыр, дегенмен, жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған.
«1984 жылы туған әйел адам Ақтөбедегі көпсалалы облыстық ауруханаға түсті. Басы жарақаттанған, миы шайқалған. Жағдайы тұрақты ауыр, есін біледі, өздігінен тыныстап жатыр», — деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, күдікті оның туған анасы мен өгей әкесін пышақтап, үйдің жертөлесіне қамап, ал өзін кепілге алған. Әйелдің анасы ауруханаға жетпей қаза тапқан. Өгей әкесі болса ауруханаға барғаннан кейін жан тапсырды. Дәрігерлер оның өмірі үшін 40 минут күрестік дейді.