Ақтөбеде "Жыл адамы" атанған экс-депутат 672 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде "Жыл адамы" атанған экс-депутат 672 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Ақтөбеде "Жыл адамы" атанған экс-депутат 672 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Қазіргі таңда келтірілген залалдың 359 млн теңгесі өтелді.

  • 5 Ақпан
  • 16
Фото: коллаж caravan.kz

Ақтөбеде Мұғалжар аудандық мәслихатының бұрынғы төрағасы Бақытжан Қадралин қыруар қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Kozachkov телеграм арнасының мәліметінше, 57 жастағы экс-депутатқа қатысты тергеу аяқталған. «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері және «Жыл адамы» атағының иегері бірнеше аптадан бері қамауда отыр.

Бұл іс бойынша тағы екі адам күдікке ілінген. Олар – Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаты Азамат Джалимбетов және аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Әнес Сейілхан.

Тергеу нұсқасына сәйкес, екі жыл бұрын халық қалаулысы бұрын сатып алған жатақхананы мемлекетке қайта сатқан. Алайда бұл әрекетін өзі тікелей жасамай, сенімді адамдары арқылы іске асырған.

Атап айтқанда, ол жатақхананы Джалимбетовтың жұбайының атына сыйға тарту арқылы рәсімдеген.

Бұл қылмыстық іс 672 млн теңгеге мұқтаж жандарға баспана сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу жарияланардың алдында жасалған.

Нысанның иесі ретінде тіркелген әйел сатып алу конкурсына қатысып, жеңімпаз атанған.

Осыдан кейін оның атына рәсімделген сыйға тарту келісімі жойылып, ғимарат қайтадан Қадралиннің меншігіне өткен.

Ал әйел мемлекеттен бөлінген ақшаны алғаннан кейін, жатақхананы қайтадан өз меншігіне қайтарып алған. Бұл жолы Қадралин оған ғимаратты 672 млн теңгеге сатып жіберген.

Енді мұның барлығын сотта дәлелдеу қажет. Іс материалдары жақын күндері сотқа жолданады.

Қазіргі таңда келтірілген залалдың 359 млн теңгесі өтелді.