Ақтөбеде жүргізушілер кішкентай қызды құтқару үшін көліктерінен жүгіріп шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жүргізушілер кішкентай қызды құтқару үшін көліктерінен жүгіріп шықты

Ақтөбеде жүргізушілер кішкентай қызды құтқару үшін көліктерінен жүгіріп шықты

Ақтөбеде Некрасов көшесінде бейнебақылау камералары кішкентай қыздың жалғыз өзі қозғалысы тығыз жолға шығып кеткен сәтін түсіріп алған. Жасы шамамен үштердегі балақай жүргізушілердің жылдам әрекетінің арқасында аман қалды.

  • 20 Маусым
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бейнежазбада қыздың жол жиегіне жақындап, көліктердің астына түсе жаздағаны көрінеді. Көліктер шұғыл тежегіш басып тоқтайды. Бір жүргізуші дереу көлігінен жүгіріп шығып, баланы жолдан алып кетуге тырысады. Оған өтіп бара жатқан адамдар да көмектескен. Кадрлардан байқалғандай, қыз бала жолға екі рет жүгіріп шыққан.

Абырой болғанда, бүлдіршін зардап шекпеген. Полиция оның ата-анасын іздестіріп жатқанын хабарлады. Мұндай салғырттық үшін жауапкершілік қарастырылғанын да еске салды.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге көрсеткен көмектері үшін алғыс айтып, кішкентай балалардың, әсіресе жол маңында, үнемі ересектердің бақылауында болуы керектігін ескертті.

Перейти к новостям спорта