Актриса Әсемгүл Ибраева әуежайда есірткімен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Актриса Әсемгүл Ибраева әуежайда есірткімен ұсталды

Актриса Әсемгүл Ибраева әуежайда есірткімен ұсталды

Актриса әрі модель Әсемгүл Ибраева есірткі алып өтпекші болғаны үшін сотталды.

  • 12 Маусым 2018
  • 66
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Соттың үкіміне қарағанда, бұл оқиға 2018 жылдың 3 наурызында Астана Халықаралық әуежайында болған.

Астана — Алматы рейсі кезінде әуежай қызметкерлері жол сөмкесін байқаған. Сөмкені тексеру барысында шыныдан жасалған тұтқа мен 4,2 грамм гашиш табылған.

Тергеу мәліметінше, сөмке мен ондағы тыйым салынған заттар Әсемгүл Ибраеваға тиесілі болып шыққан. Актриса кінәсін толық мойындады.

Сотталушының айтуынша, ол ұшақ бортына келген кезде ғана сөмкесінде жеке заттар мен есірткі болғанын есіне түсірген. Заттардың барлығын полиция қызметкерлері тәркіледі.

Осылайша сот Әсемгүл Ибраеваны ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі бойынша ("Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу") айыпты деп танылып, 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сондай-ақ, сот сараптамаларға кеткен шығындар үшін 338 863 теңге көлемінде ақша өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Оқи отырыңыз:

Астанада «жедел жәрдем» операторы телефонмен жүкті әйелді босандырды

Катамаран мен жүк кемесі соқтығысып, он адам ажал құшты

Елтаңбадағы «Қазақстан» сөзі латын әліпбиімен жазылады

 

 

Соңғы жаңалықтар