Актриса Жанель Мақажан орамалға келгенін хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Актриса Жанель Мақажан орамалға келгенін хабарлады

Актриса Жанель Мақажан орамалға келгенін хабарлады

Қазақстандық белгілі актриса Жанель Мақажан күйеуіне берген уәдсінде тұрып, жабық киінуге көшті

  • 30 Қазан 2022
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Жанель Мақажан күйеуі, актер Абай Асылханға Меккеге умраға жолдама сыйлаған болатын. Бұл сапарға ерлі-зайыптылар бірге аттанды. Меккеде Жанель Мақажан орамал тағуға шешім қабылдап, күйеуі уәде берді. Әсерлі видеоны актриса Instagram парақшасында жариялаған болатын.

"Бүгін сіз қалаған, сіз армандаған нәрсені айтқым келіп отыр. Сіз: "Тосынсый қылып айт" дедіңіз ғой. Қағбаның қасында айтқан тосынсыйдан артық болады! Мен енді орамал тағамын", — деді видеода актриса.

Осы сәтте оның жары Абай Асылхан көз жасына ерік берді. Сонымен қатар актер жұбайына алғысын айтып, маңдайынан сүйеді.

Жанель Мақажан парақшасындағы ескі суреттерін өшіріп, орамал тағуына не себеп болғанын түсіндіріп берді.


"Сапарымыз Медина қаласынан басталған еді. Сол кезде күнделікті Раббымнан орамалға махаббатыммен келуімді жалбарынып тіледім. Ой үстінде жүрген едім. 5 күннен кейін Меккеге жол тарттық. Бұл жерде шүбәсіз Раббымның ғана қалауымен келгенімді терең түсініп, мені үлкен өзгерістерге алып келді. Қағбаның жанында сұрағанымды көп ұзатпай беріп отырғаны мені қатты ойландырды. Әбекемнің үлкен армандарының бірі, менің орамал тағуым еді. Баршамыздың дұғамыз қабыл болды", — деп жазған актриса.