Ақылы жолдар неге көбейіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 510.78
  • 576.06
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақылы жолдар неге көбейіп жатыр

Ақылы жолдар неге көбейіп жатыр

Қазір елімізде 3,6 мың шақырым автожол ақылы негізде қызмет етеді. Ал жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 4 мың шақырымға дейін ұзармақ.

  • 18 Ақпан
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Ақылы жолдар тек республикалық тас жолдарда енгізілген. Өздеріңіз білесіздер, былтыр көптеген үлкен жоба аяқталды. Қарағанды-Алматы, Талдықорған-Өскемен, сонымен қатар Ақтөбе-Астрахань бағыттарындағы жолдардың жұмысы толықтай бітті. Бұл жолдар баяғыда 2 жолақты, ІІІ техникалық санаттағы жолдар болса, бүгінде І санатқа ауыстырылды, яғни 4 жолақты жолға ауысып отыр. Атап айту керек, ақылы жолдардың барлығы — қайта жаңартудан өткен және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдар, — дейді Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысы Ғабит Шымырбаев.

Министрлік өкілі елімізде ақылы жолдар неге көбейіп жатқанын түсіндірді.

— І санаттағы жолдарды жыл бойы күтіп ұстау үшін қомақты қаражат керек. Республикалық бюджетке ауыртпалық түсірмей, жолдардың шығыны өзін-өзі жабу үшін ақылы жолдар енгізіледі, яғни ақылы жолдан түскен қаражат толығымен сол жолдарды күтіп ұстауға жұмсалады. Бұл жұмыстар кейін де жалғасады. Үкімет отырысында да осы мәселе талқыланды. Биыл жоспар бойынша 4000 шақырымға дейін ақылы жолдар іске қосылады, — деді Ғабит Шымырбаев.

Айта кетейік, елімізде І техникалық санаттағы жалпы ұзындығы 2 161 км болатын 11 ақылы учаске бар. Ал ІІ және ІІІ техникалық санаттағы 7 учаскенің ұзындығы — 1 514 км.

Еліміздегі ақылы жолдардың тізімі: