Әл Каида мен ДАИШ Сирия келіссөздерінің бейбіт шешілуіне кедергі болуда - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әл Каида мен ДАИШ Сирия келіссөздерінің бейбіт шешілуіне кедергі болуда - сарапшы

Әл Каида мен ДАИШ Сирия келіссөздерінің бейбіт шешілуіне кедергі болуда - сарапшы

Сирияда 9 қарулы топ үкіметпен қарулы қақтығысты тоқтату бойынша келісімге келген болатын. Алайда қазіргі таңда қарулы қақтығыс тоқтайты

  • 16 Ақпан 2017
  • 477
Фото - Caravan.kz

Сирияда 9 қарулы топ үкіметпен қарулы қақтығысты тоқтату бойынша келісімге келген болатын. Алайда қазіргі таңда қарулы қақтығыс тоқтайтын қалалар нақты анықталмаған. Себебі, оларға Әль Каида мен ДАИШ сынды террористік ұйымдар кедергі келтіруде. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Сирия келіссөздерінде сарапшы-журналист Хусейн Муртада мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұл келіссөздердің екінші кезеңі. Бұл келісімге келудің алдыңғы алаңы. Яғни ол елдегі қарулы қақтығысты болдырмау үшін маңызды. Ең бастысы, кейбір қарулы топтар осы келіссөздерге қатысуға ниет білдіріп отыр. Кейбір мемлекеттер осы келіссөздердің нәтижелі аяқталуына бар күштерін салуда. Мысалы, Иордания мемлекетін алуға болады. Иордания Сирияның оңтүстік шекарасына қауіпсіз ұстауға көмектесуде. Әрине, бұл өте маңызды», — деді ол.

Алайда сарапшы Сирия келіссөздерінің бейбіт түрде аяқталуына Әль Каида мен ДАИШ сынды террористік ұйымдар кедергі келтіріп жатқандығын айтты.


«Қазіргі таңда қарулы қақтығыс тоқтайтын қалалар анықталған жоқ. Себебі, бұған қарулы топтар әсер етуде. Олардың «Әль Каида», ДАИШ топтарымен байланыстары бар. Қарулы 9 топ бар. Олар елдегі қанды қырғынды тоқтату келісіміне қол қойған болатын», — деді ол.

Сондай-ақ, Хусейн Муртада елдің кейбір аймақтарында қарулы қақтығыстар орын алып жатқандығын тілге тиек етті.

«Кейбір елді аймақтар Иордания және Палестина аумағында орналасқан», — деді сарапшы.