алачи ауылынан екі отбасы көшірілді - Ақмола облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
алачи ауылынан екі отбасы көшірілді - Ақмола облысы

алачи ауылынан екі отбасы көшірілді - Ақмола облысы

 Қаңтардың 24-і күні Атбасар ауданындағы Родионовка селосына Есіл ауданындағы Калачи селосынан екі отбасы көшірілді, деп хабарлады "Ақмола медиа орталығынан".

  • 26 Қаңтар 2015
  • 294
Фото - Caravan.kz

Қыстың үскірік аязына қармастан, калачиліктерді жергілікті тұрғындар да құшақтарын жайып, ыстық қарсы алды. Өз кезегінде көшіп келушілер де жаңа қоныстарының жайлы екенін және көмек қолын созғандарға алғыстарын айтып, ризашылық танытуда.

"Осында көшіп келгеніме еш өкінбеймін. Мұнда бізге барлық жағдай жасалған. Мал ұстауға қора да, мал да бар. Ең бастысы, "ұйқы аруына" шалдығамыз деп еш алаңдамаймыз", — дейді алты баланың анасы Яна Овсейчик.

Сонымен қатар көшіп келген отбасылардың барлығына "Алтын дән" ЖШС бір сиырдан және жем-шөп берген. Көтерме ақы да тағайындалған. Аудан басшыларының сөзіне қарғанда, бұл отбасылар әлеуметтік жағынан қорғалатын болады. Балалардың алды Атбасар агротехникалық колледжіне оқуға түсірілетін болса, кейінгілері мектепте тегін тамақтандырылмақ.