Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай Instagram-дағы парақшасында хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
«Алмалы аудандық соты
Бүгін Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот отырысы өтті.
▪️ 26 жәбірленушінің бірі залда жауап берді, ал қалғаны өзге қалалардан болғандықтан онлайн қосылды.
▪️ Сариевтің адвокаты Кішкенебава оның қорғауындағы азаматтың «MM TRAVEL» қажылық тур компаниясына қатысы жоқ екенін айтты.
Алайда Ілиястың әлеуметтік желіде аталмыш компанияны жарнамалағаны белгілі.
Сот отырысы шамамен 1 сағатқа созылып, келесі тыңдалым келесі аптаға шегерілді», — деп жазды журналист.