Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы күндері өңір жұртшылығына қоңырау шалған алаяқтар өздерін өңірлік электр компаниясының қызметкері ретінде таныстыра бастады. Сөз арасында халыққа электр есептегіштерін тегін ауыстырып беретіндіктерін алға тартады.
Осылай сенімге кіріп алады да ұялы телефонға СМС-хабарлама жібергендерін айтады. Сөйтіп сондағы кодты айтып жіберулерін сұрайды. Ал кодты білген соң атына қас қағымда несие рәсімдеп жібереді.
«Біздің компания қызметкерлері еш уақытта халыққа хабарласып, код сұрамайды. Бұл — алаяқтар. Осы арқылы сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізіп алмақшы. Сондықтан да барынша абай болыңыздар», — деп хабарлады «ӨЭК» АҚ-дан.