Алаяқтық өнерге айналған кезде:«Мошенники 2» – НТК телеарнасындағы телевизиялық премьера - kaz.caravan.kz
  • $ 482.53
  • 555.44
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алаяқтық өнерге айналған кезде:«Мошенники 2» – НТК телеарнасындағы телевизиялық премьера

Алаяқтық өнерге айналған кезде:«Мошенники 2» – НТК телеарнасындағы телевизиялық премьера

«Мошенники 2» сериалы сюжет желісіне суыққанды қылмыскер Дамирдің оқиғалары негіз болған авантюралық-шытырман хикаяның жалғасы.

  • 26 Наурыз
  • 1968
фото: НТК телеарнасы

Ол түрлі алаяқтық схемаларды ойластырып, әрқашан бірнеше қадам алда әрекет етеді. Екінші маусымда оқиға Түркияда өрбиді. Мұнда басты кейіпкер ТМД елдерінің тұрғындарына түрік жылжымайтын мүлкін сатуға байланысты ауқымды алаяқтықты жүзеге асырады. Шетелдегі істерін аяқтаған соң, Дамир отанына оралып, тарихтағы ең ірі әрі батыл алаяқтық схемалардың бірін жүзеге асыру үшін командасын қайта жинайды.

Хикаяның жалғасында көрермендерді не күтеді? Режиссёр Олжас Нұрбай былай дейді:«Біздің алдымызда тек сапалы сериал түсіру ғана емес, сонымен қатар алаяқтықтың алдын алуға өз үлесімізді қосу міндеті тұрды. Сондықтан біз әрдайым ізденісте болып, жобада ең өзекті алаяқтық схемаларды көрсетеміз. “Мошенники» екінші маусымда  ауқымдырақ бола түседі – басты кейіпкез халықаралық деңгейге шығады».

фото: НТК телеарнасы

«Мошенники» сериалы алғаш рет эфирге 2023 жылы шығып, тек Қазақстанда ғана емес, шетелдіктер арасында да үлкен танымалдыққа ие болды. Бұған Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Украина және Беларусь елдеріндегі көрермендердің жоба авторларына алғыс білдіріп қалдырған көптеген пікірлері дәлел. 2024 жылы «Мошенники» сериалы ұлттық телевизиялық «Тұмар» сыйлығының «Жылдың үздік сериалы» номинациясында жеңімпаз атанды.

«Мошенники 2» сериалының жалғасы 2026 жылдың қаңтар айында интернетте жарияланып, бірден көрермендердің назарын аударды. Алғашқы күндері YouTube платформасында төрт серия 9,4 миллионнан астам қаралым жинады және бұл көрсеткіш әлі де өсіп келеді. Жобаның TikTok желісіндегі аккаунтында 297,2 мың жазылушы бар, ал Instagram-да 131 мыңнан астам адам жазылған. Қазірдің өзінде бұл жобаның true crime («шынайы қылмыс») жанрындағы танымал сериалдардың қатарында үздік деп сеніммен айтуға болады.

Басты рөлдерде: Рүстем Омаров, Фариза Ескермес, Азамат Нигманов, Ақылхан Алмасов, Ернар Себетов, Самал Нұрбаева.