Алакөл ауданының түлегі ҰБТ тапсырмастан ҚР ЖОО-ларының біріне оқуға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алакөл ауданының түлегі  ҰБТ тапсырмастан ҚР ЖОО-ларының біріне оқуға түсті

Алакөл ауданының түлегі ҰБТ тапсырмастан ҚР ЖОО-ларының біріне оқуға түсті

Алакөл ауданына қарасты Үшарал орта мектебінің түлегі Ерасыл Аяжанов «Компьютерлік физика-2011» атты халықаралық турнирдың ІІ дәрежелі дипломын иеленген, сондықтан мектеп бітіруші түлек Ұлттық бірыңғай тест тапсырмастан, Қазақстан Республикасының кез келген жоғарғы оқу орнына оқуға түсе алады.

  • 8 Маусым 2011
  • 670
Фото - Caravan.kz

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Салтанат Меңілбаева хабарлап өткендей, «Глюон» халықаралық зияткерлік клубының шақыруымен дарынды жас Ерасыл Аяжанов Ресейдің Протвино қаласында өткен халықаралық турнирға қатысты. Ол жарыстың ІІ дәрежелі дипломына ие болған.

Алайда Ерасылды өзінің туған үйі Үшаралда одан да үлкен қуаныш күтіп тұрған. Алакөл аудандық қоғамдық қорының қамқорлық кеңесі таланатты жасқа 4000 АҚШ доллары көлемінде материалдық көмек көрсеткен.

Жас түлек — ұшқыш мамандығын таңдады. Екі рет Кеңестер одағының Батыры атағына ие болған Талғат Бигелдинов атындағы ҚР Әуе қорғаныс күштері әскери институтының болашақ курсанты Ерасыл бұл көмекке риза. Енді ол Ақтөбе қаласына барып білім алады. Дарынды жасты бүкіл аудан құттықтады.

Соңғы жаңалықтар