Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Салтанат Меңілбаева хабарлап өткендей, «Глюон» халықаралық зияткерлік клубының шақыруымен дарынды жас Ерасыл Аяжанов Ресейдің Протвино қаласында өткен халықаралық турнирға қатысты. Ол жарыстың ІІ дәрежелі дипломына ие болған.
Алайда Ерасылды өзінің туған үйі Үшаралда одан да үлкен қуаныш күтіп тұрған. Алакөл аудандық қоғамдық қорының қамқорлық кеңесі таланатты жасқа 4000 АҚШ доллары көлемінде материалдық көмек көрсеткен.
Жас түлек - ұшқыш мамандығын таңдады. Екі рет Кеңестер одағының Батыры атағына ие болған Талғат Бигелдинов атындағы ҚР Әуе қорғаныс күштері әскери институтының болашақ курсанты Ерасыл бұл көмекке риза. Енді ол Ақтөбе қаласына барып білім алады. Дарынды жасты бүкіл аудан құттықтады.