Алакөлде министрдің қатысуымен дуатлоннан жарыс басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алакөлде министрдің қатысуымен дуатлоннан жарыс басталды

Алакөлде министрдің қатысуымен дуатлоннан жарыс басталды

Алматы облысындағы Алакөл жағалауында дуатлоннан жарыс басталды.

  • 16 Шiлде 2017
  • 442
Фото - Caravan.kz

Алғаш рет ұйымдастырылған шараға Мəдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс медаль иегері Әділбек Ниязымбетов, әнші Жеңіс Сейдолла сынды бірқатар азаматтар арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет және спорт министрі жарыстың ашылу салтанатында шараның көл жағалауында ұйымдастырылуы тегін емес екендігіне тоқталды. Жетісу жеріндегі туризммен таныстыру, насихаттау сайыстың басты мақсаты болып табылады.

"Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында еліміздің табиғаты көркем, тарихи жерлерін насихаттау жөнінде кеңінен жазылған. Тарихы терең, келешегі зор, табиғаты əсем жердің бірі ол — Алакөл. Жер жәннаты Жетісудың бір маржаны — айдынды Алакөлге қош келдіңіздер! Спорт пен дене тəрбиесі адамның денесін ғана шынықтырып қоймайды, рухын да шыңдайды. Бүгінгі біздің жарысымыз бұқаралық спорт түрлерін дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қоспақ. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін",- деді А.Мұхамедиұлы.

Жарысқа халықаралық дәрежедегі төреші  Юрий Портнягин қазылық етуде.


Сайысқа арнайы қатысып отырған қонақтардың бірі Әділбек Ниязымбетов өз сөзінде Алакөлге алғаш рет келгенін айтты.

"Алакөлге бірінші рет келуім, суы тамаша. Адамның бойын сергітіп, керемет демалудамыз. Барша қазақстандықтарды көлге келіп, демалуға щақырамын", — деді спортшы.

Дуатлоннан ұйымдастырылған  «Алакөл  — 2017»  облыстық жарысқа 70-ке жуық адам қатысуда. Олар жас ерекшеліктеріне байланысты үш санат бойынша марапатталады. Қатысушылар жалпы 14 шақырым жолды жүгіріп және велосипедпен жүріп өтеді. Мәселен, 2 шақырымды — жаяу, 10 шақырымды — велосипедпен, одан кейін тағы 2 шақырымды жаяу еңсереді.

Спорттық додаға қатысушылардың ең жасы 16 жаста болса, ең үлкені 60-қа таяп қалған. ҚР Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы да шараға өз үлесін қосып —  спортшылармен бірге жарысқа қатысып жатыр. Эстрада жұлдыздары ән шырқап, кештің көркін қыздыруда.